ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңін бесінші орынмен аяқтады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен 2026/27 жылғы маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде бесінші орын иеленді.

Отандасымыз еркін бағдарламада 168,62 ұпай жинады. Бұған дейін қысқа бағдарламада 94,87 ұпай алған қазақстандық спортшы екі сайыстың қорытындысында 263,49 ұпай еншілеп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Гран-при кезеңінің жеңімпазы жапониялық Као Миура атанды. Ол екі бағдарлама бойынша 293,25 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.

Екінші орын бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Владислав Дикиджиге бұйырды. Оның қорытынды нәтижесі 282,44 ұпайды құрады. Ал тағы бір бейтарап спортшы Евгений Семененко 281,62 ұпаймен қола жүлдегер атанды.

Михаил Шайдоров жеңімпаз Као Миурадан 29,76 ұпайға қалып қойды.

Айта кетейік, бұл қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының биылғы Гран-при сериясындағы екінші жарысы болды. Бұған дейін Олимпиада чемпионы Францияда өткен кезеңге қатысқан еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button