ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарлама бойынша бесінші орынға тұрақтады.
Отандасымыз өз өнері үшін төрешілерден 71,84 ұпай алып, еркін бағдарлама алдындағы үздік бестікке енді.
Әйелдер арасындағы жекелей сында Жапония өкілі Мао Симада көш бастап тұр. Ол қысқа бағдарламада 82,11 ұпай жинады.
Екінші орында 78,50 ұпаймен америкалық Изабо Левито орналасса, Эстония спортшысы Нина Петрыкина 77,24 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Самоделкина көшбасшыдан 10,27 ұпайға қалып келеді. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі еркін бағдарламадан кейін белгілі болады.
Гран-при кезеңінің еркін бағдарламасы Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні өтеді.



