ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Дастан Сәтпаев «Бёрнли» сапына жалға берілді

Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бёрнли» клубына жалға ауысты. 18 жастағы футболшы маусымның соңына дейін Чемпионшипте өнер көрсететін команда сапында ойнайды.

Сәтпаев сәрсенбі күні 18 жасқа толғаннан кейін «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойған. Келісімде тараптардың тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Енді қазақстандық футболшы «Бёрнли» сапында 12-нөмірмен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, «Бёрнли» жаңа маусымда Англияның Чемпионшипінде бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button