БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында алтыншы орын алды

Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында жекелей көпсайыстың финалы аяқталды.

Қазақстан құрамасының атынан сынға түскен Ақмарал Ерекешева төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 115,800 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Жарыста Германия өкілі Дарья Варфоломеев 119,500 ұпаймен чемпион атанды. Болгариялық Стиляна Николова 117,600 ұпаймен күміс медаль жеңіп алса, Италия спортшысы София Раффаэли 117,550 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Ақмарал Ерекешеваның әлем чемпионатындағы өнері әлі жалғасады. 16 тамызда қазақстандық гимнаст шығыршық және таспамен орындалатын жаттығулардың финалында бақ сынайды.

Айта кетейік, бұл Ақмарал Ерекешеваның ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жарысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button