БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Спорт күні қарсаңында Қазақстан ҰОК спорт саласының үздіктерін марапаттады

Спорт күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінде спорт қауымдастығы өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Отандық спорт пен олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан үлесі үшін спортшылар, жаттықтырушылар және сала мамандарына Қазақстан ҰОК-нің Құрмет белгілері табысталды.

«Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі Құрмет белгісіне Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 2025 жылғы әлем чемпионы Назым Қызайбай, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай, 2025 жылғы әлем чемпионы Айбек Оралбай, бокстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин, ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Асқар Еркебаев, Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Дархан Қызайбаев және Қазақстанның ММА, панкратион және грэпплинг ұлттық федерациясының президенті Сағындық Мекеев ие болды.

Ал II дәрежелі Құрмет белгісімен ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Сергей Шевченко мен бокстан әйелдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Долкунжан Камеков марапатталды.

ҰОК-нің Құрмет белгілері спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан, жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізген және қазақстандық спортшыларды даярлауға көп жылдық еңбек сіңірген мамандарға табысталады.

Айта кетейік, Қазақстанда Спорт күні жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button