БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Алан Құрманғалиев АҚШ-тағы WTT Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында қазақстандық спортшы төрт кездесу өткізіп, барлық қарсыласынан басым түсті. Алғашқы матчта ол америкалық Алекс Лоны 3:1 есебімен жеңді. Кейін тағы бір АҚШ өкілі Абхинав Ширбхатты 3:0, ал Эндрю Цаоны 3:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Алан Құрманғалиев Аустралия өкілі Чулун Не Чулунмен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық спортшы АҚШ-та өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің чемпионы атанып, халықаралық аренадағы кезекті ірі жетістігіне қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button