
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Әлемдік рейтинг үшін маңызды бәсеке 28–30 тамыз аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасы турнирге төмендегі спортшылармен қатысады:
Ерлер:
- 60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Шерзод Давлатов
- 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
- 73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Бақытжан Абдурахманов
- 81 келіге дейін: Әділет Алмат, Абылайхан Жұбаназар
- 90 келіге дейін: Айдар Арапов
- 100 келіге дейін: Марат Байқамуров
- 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер:
- 57 келіге дейін: Дана Әбдірова
- 70 келіге дейін: Ажар Асхат
- 78 келіге дейін: Аружан Жангелдина
- 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, бұл алдын ала жарияланған өтінім болғандықтан, жарыс басталғанға дейін Қазақстан құрамасының тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін.



