БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан әлем чемпионатында Уругвайды ірі есеппен жеңді

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Топтық кезеңдегі үшінші матчта қазақстандықтар Уругвай құрамасына еш мүмкіндік бермей, 22:5 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Кездесудің үздік ойыншысы болып Қазақстан құрамасының өкілі Максим Сасин танылды.
Айта кетейік, әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Мысырға жол берсе, екінші кездесуде Сингапурды пенальти сериясында жеңген болатын. Ал бүгін, 6 тамызда, ұлттық құрама кезекті матчын Түркия құрамасына қарсы өткізеді.



