БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Түркістандағы Азия чемпионатында 20 алтын медаль жеңіп алды

Түркістан қаласында өткен байдарка мен каноэде есуден жастар (U23) және жасөспірімдер (U18) арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетті. Ұлттық команда құрлық біріншілігін 41 медальмен аяқтады, оның 20-сы алтын жүлде болды.

U23 санатында қазақстандық спортшылар 13 алтын медаль жеңіп алды. Жарыстың басты қаһармандарының бірі Стелла Суханова болды. Ол жекелей және командалық бағдарламаларды қоса есептегенде бірнеше мәрте Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ Дмитрий Холмогоров пен Сұлтан Шарапиев те бірнеше алтын жүлде жеңіп алып, ұлттық құраманың табысына үлкен үлес қосты.

Жастар арасындағы жарыста Қазақстан қоржынына тоғыз күміс медаль да түсті. Олардың қатарында Полат Төребеков, Мария Бровкова, Ульяна Киселёва және түрлі командалық экипаждар бар.

U18 санатында қазақстандық ескекшілер жеті алтын медаль иеленді. Тимофей Таранов пен Эвелина Костенко бірнеше жарыста жеңімпаз атанып, өз жас деңгейлеріндегі үздік спортшылардың қатарынан көрінді. Сонымен қатар қазақстандық экипаждар төрт адамдық және екі адамдық байдарка сайыстарында да алтын медальдарға қол жеткізді.

Жасөспірімдер құрамасы сегіз күміс және төрт қола жүлде еншіледі. Осылайша Қазақстан спортшылары барлық жас санаттарында тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп, құрлық біріншілігінің көшбасшыларының бірі болды.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 20 алтын, 17 күміс және 4 қола медальмен аяқтап, өз жерімізде өткен жарыста жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button