
Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды.
78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін ресейлік Элис Старцевамен татамиге шықты.
Шешуші белдесуде ресейлік спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, Камила Берліқаш турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы өз жерінде өткен Grand Slam турнирін сегіз медальмен қорытындылады.
Алтын медальді Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) мен Марат Байқамуров (100 келіге дейін) жеңіп алды. Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Камила Берліқаш күміс жүлдеге ие болды. Ал Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) қола медаль еншіледі.



