
Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Ертуған Зейнуллинов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті.
Жерлесіміз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ертуған бұл кезеңде англиялық Патрис Мугалзаймен қолғап түйістірді. Бірінші раундта қарсылас басым түсті. Бірақ екінші және үшінші үшминуттықта отандасымыз жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) әлем чемпионатының ширек финалына өтті.



