БОКСТРЕНДТЕ

Бокстан әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Косово елінің өкілі Башким Байокумен өзара мықтыны анықтады.

Махмұд алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреп, нокаутқа жіберді. Осылайша мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button