Астанада конкур бойынша ҚР Кубогы өтеді

2025 жылғы 20-22 маусым аралығында Астана қаласындағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде кедергілерді бағындыру бойынша Қазақстан Республикасы кубогы өтеді. Бұл турнир — еліміздің үздік шабандоздары жиналатын, ат спорты күнтізбесіндегі маңызды жарыстардың бірі.
Жарысқа еліміздің әр аймағынан 30-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Қатысушылар 120-145 см биіктіктегі кедергілерден тұратын алты түрлі бағытта екі санат бойынша өнер көрсетеді.
Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) талаптарына толық сәйкес өтеді. Төрешілік әділ әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылады. Жүлде қоры – 2 миллион теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Конкурдан ҚР кубогының басты мақсаты – ұлттық құраманың деңгейін арттырып, болашағы бар спортшылар мен тұлпарларды анықтау, сондай-ақ ат спортын халық арасында кеңінен насихаттау.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қарқаралы тасжолы, 1, «Арғымақ» АССК
Уақыты: 2025 жылғы 20-22 маусым, күн сайын сағат 10:00-де басталады.