
Халықаралық футбол федерациясы соңғы ойындарды саралап, әлемдік рейтингті жаңартты.
Оған сәйкес, Қазақстан құрамасы 3 саты төмендеп, 113-ші орынға жайғасты. Яғни, Кения, Ливан, Судан және Мадагаскар сияқты елдермен қатарлас тұрмыз. Топ басында – Аргентина. Үздік үштікті Испания мен Франция түйіндеді. Ал, көрші елдерден Тәжікстан 104-ші, Қырғызстан 103-ші, Өзбекстан 57-ші орында.
Айта кетейік, Әли Әлиев баптайтын Қазақстан командасы наурыз айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында қос матч өткізді. Алдымен сырт алаңда Уэльс құрамасына 3:1 есебімен есе жіберді. Артынша Лихтенштейн құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Бұдан бөлек, біздің топта Бельгия мен Солтүстік Македония бар. Іріктеу кезеңі аясындағы келесі мачтар алдағы жазда және күзде ұйымдастырылады