Спорт Министрі | Ішкі біріншілікке шетелден төрешілер шақыртылды
БАСҚАЛАРЫ

Ішкі біріншілікке шетелден төрешілер шақыртылды

Таэквондодан алдағы Қазақстан чемпионатына осындай жаңашылдық енгізіліп отыр. Яғни, жылдың қорытынды жарысы барынша ашық және әділ өтуі үшін шетелдерден мамандар шақыртылған.

 Атап айтқанда, Ресейден 7, Өзбекстаннан 4, Тәжікстаннан 3, ал, Моңғолиядан  1 төреші келеді. Барлығы да халықаралық дәрежедегі мамандар. Олармен қатар  еліміздің 11 төрешісі де жарыстың басы-қасында болады. Бастама аталмыш мамандар арасында тәжірибе алмасуға және шеберлік шыңдауға керемет мүмкіндік дейді сала өкілдері.

Ал, чемпионаттың өзі алдағы аптада, нақтырақ айтқанда, 19-шы және 21-ші қараша күндері Алматы облысында өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер және әйелдер арасында ұлттық құрама жасақталады. Яғни, ішкі бірнішілік үздігі атанған спортшылар 2025 жылы құрлытық және әлемдік аламандарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button