Спорт Министрі | Жастар арасындағы Азия чемпионаты: қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды
БОКСТРЕНДТЕ

Жастар арасындағы Азия чемпионаты: қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

1 тамыз күні Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады. Жарыс World Boxing федерациясының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Байрақты бәсеке қарсаңында жеребе тарту рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Құрлықтық додаға Азияның 26 елінен 400-ге жуық былғары қолғап шебері қатысады.

Қазақстан атынан жарысқа ерлер және әйелдер құрамасы қатысады. Ерлер құрамасы бас бапкер Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен өнер көрсетпек. Бірқатар салмақ дәрежелерінде біздің спортшылар алғашқы айналымнан емес, бірден ширек финал немесе жартылай финал кезеңінен бастап жекпе-жекке шығады.

Ерлер арасындағы алғашқы қарсыластар:

  • 50 кг – Нұрзат Оңғаров – Вики Тахумил (Индонезия)
  • 55 кг – Бексұлтан Боранбек – Самандар Олимов (Өзбекстан)
  • 60 кг – Нұрислам Қалдыбаев – Сын Хун Ю (Оңт. Корея)
  • 65 кг – Илья Калинин – Малик Прит (Үндістан)
  • 70 кг – Нұрбек Мурсал – Картик Далал (Үндістан) / Брэндон Сориано (Филиппин)
  • 75 кг – Аман Қонысбек – Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
  • 80 кг – Санжаралы Бегалиев – Сонву Чан (Оңт. Корея)
  • 85 кг – Азатбек Жолдасхан – Роки Чаудхари (Үндістан)
  • 90 кг – Темірлан Мұқатаев – Куо Чао (Қытай)
  • +90 кг – Нұрасыл Асылхан – Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)

Әйелдер арасында (U22):

  • 48 кг – Гүлназ Бөрібаева – Чи Нго (Вьетнам)
  • 51 кг – Томирис Мырзақұл – Ким (Оңт. Корея)
  • 54 кг – Сымбат Әлиасқар – Чин-Лин (Тайбэй)
  • 57 кг – Виктория Байдукова – Хуморабону Мамаджонова (Өзбекстан)
  • 60 кг – Әсем Таңатар – Ю Тиан (Қытай)
  • 65 кг – Аружан Жанабаева – Дина Шанатбиеке (Қытай)
  • 70 кг – Бақыт Сейдіш – Жанг (Қытай) / Парнджал (Үндістан)
  • 75 кг – Шұғыла Нәлібай – Шрути (Үндістан)
  • +80 кг – Әсел Тоқтасын – Диёрахон Абдуманвобова (Өзбекстан)

Кейбір спортшылар жарысты бірден ширек финал немесе финал жолдамасы үшін бастайды. Жарыс 11 тамызға дейін жалғасады. Алғашқы болып 1 тамызда U19 санатындағы спортшылар рингке шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button