Спорт Министрі | Милад Карими әлем кубогында топ жарды
ТРЕНДТЕ

Милад Карими әлем кубогында топ жарды

Спорттық гимнастикадан  Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды sportm.kz.

Карими төрешілердің шешімімен 14.666 ұпай жинады. Осылайша, Милад бұл Әлем кубогының кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін еркін жаттығуларда үшінші орын иеленген еді.

Финалда екінші орынды Израиль спортшысы Александр Мякинин (14.433), ал қытайлық Чени Се (14.300) үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Осиекте өткен жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлде жеңіп алды. Каримиден бөлек Нариман Құрбанов та жүлдегер атанып, ат снарядында өткен жаттығуларда қола медаль жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button