ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Астанада EA SPORTS FC 26 бойынша Қазақстан чемпионы анықталды

Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінде EA SPORTS FC 26 бойынша Қазақстан чемпионатының LAN-финалы өтті.

Жарыстың шешуші кезеңіне еліміздің үздік сегіз ойыншысы қатысып, Ultimate Team FC Pro режимінде плей-офф форматында бақ сынады.

Нәтижесінде Данияр «dan1k» Шарабадин қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Абылай «Abyl_Qazaqstan» Жанаберген екінші орынға ие болса, Әлішер «alish_back» Мұқанәлі үшінші орын алды.

Қазақстан чемпионы Данияр Шарабадин UEFA eEURO 2026 халықаралық кезеңінде ел намысын қорғау құқығына ие болды.

UEFA eEURO 2026 онлайн топтық кезеңі 17–18 қазанда өтеді. Оған УЕФА-ға мүше 47 ұлттық қауымдастықтың өкілдері қатысады. Топтық кезең қорытындысы бойынша үздік сегіз ойыншы 12 желтоқсанда Лондонда өтетін финалдық кезеңге жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button