
Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазыбек Қалмағамбетов алтын медаль жеңіп алды.
Финалда қазақстандық балуан Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен белдесіп, 13:7 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазыбек Қалмағамбетов әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені сыйлады.



