
17–22 тамыз аралығында Алматы қаласында 2027 жылғы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турниріне арналған аймақтық іріктеу жарыстары өтеді.
Турнирге Орталық және Батыс Азия елдерінің 16 үздік ұл және қыз теннисшісі қатысады. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін финалдық турнирге жолдама алады. Сол жарыста жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасы атынан Алматыдағы жарыста Родион Трайгель, Диас Төлепбергенов, Бексұлтан Бауыржанов, Иван Бондаренко, Амина Нұрмахан, Линара Булешева, Алуа Марат және Влада Кузьменко өнер көрсетеді.
Айта кетейік, аталған іріктеу турнирі жас теннисшілер үшін әлемдегі ең беделді жасөспірімдер додаларының бірі – «Ролан Гаррос» турниріне жол ашатын маңызды кезең саналады.



