
Қазақстан құрамасы турнирді қыркүйек айында сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы матчпен бастайды. Ал топтық кезеңді қараша айында өз алаңымызда Словакияға қарсы ойынмен аяқтайды.
Айта кетейік, бас бапкер Талғат Байсуфинов жетекшілік ететін ұлттық құрама «С» лигасының 3-тобында өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасының матчтары:
-
26 қыркүйек 2026 — Фарер аралдары – Қазақстан
-
29 қыркүйек 2026 — Словакия – Қазақстан
-
2 қазан 2026 — Қазақстан – Молдова
-
6 қазан 2026 — Қазақстан – Фарер аралдары
-
14 қараша 2026 — Молдова – Қазақстан
-
16 қараша 2026 — Қазақстан – Словакия
Топтық кезең матчтары қыркүйек, қазан және қараша айларындағы халықаралық терезелерде өтеді.



