БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан баскетболшылары Азия ойындарын Қытайға қарсы матчпен бастады

Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарындағы алғашқы жарысын өткізді.

Қазақстан атынан жарыс жолына алғашқылардың бірі болып баскетболдан ерлер құрамасы шықты. С тобындағы алғашқы кездесуде ұлттық команда Қытай құрамасымен ойнап, 61:99 есебімен есе жіберді.

Қазақстан баскетболшылары келесі кездесуін 12 қыркүйекте Филиппин құрамасына қарсы өткізеді. Топтық кезеңнің соңғы матчында 14 қыркүйекте Бахрейнмен кездеседі.

Азия ойындарында Қазақстан сапында Марат Абат, Шаим Қуанов, Никита Федченко, Владимир Иванов, Рустам Мырзағалиев, Антон Быков, Константин Нефф, Роман Марчук, Даниил Севергин, Богдан Рабченюк, Станислав Сахипов және Асқар Майдекин өнер көрсетеді. Команда капитаны – Шаим Қуанов.

Баскетбол бәсекелері Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына дейін басталды. ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу рәсімі 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button