
Қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Таиландтың Бангкок қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды.
Бекмұхамбетова 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бәсекеде үшінші орын иеленді.
Қазақстандық спортшы турнир барысында Таиланд өкілдері Амина Прасонполды 3:1, Беньяфа Сураситті 3:0 және Наттхапат Лимсирилертті 3:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ Жапония өкілі Нонока Судзукиден 3:0 есебімен басым түсті.
Жартылай финалда Бекмұхамбетова Қытайлық Тайбэй спортшысы Йен Пэй Эньге 0:3 есебімен жол берді. Нәтижесінде қазақстандық үстел теннисшісі жарысты қола медальмен аяқтады.



