БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық гимнасттар Италиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы Италияның Риччоне қаласында өтетін батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетеді.

2–4 қазан аралығында өтетін халықаралық жарысқа 26 елден 114 спортшы қатысады.

Қазақстан атынан Данияр Түсіпов пен Егор Белюсенко сынға түседі. Олар жекелей жарыста және синхронды секіру сайысында ел намысын қорғайды.

Риччонедегі бәсеке батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы сериясының кезекті кезеңі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button