БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық триатлоншылар Испаниядағы әлемдік серияның финалында өнер көрсетеді

Қазақстан құрамасы Испанияның Понтеведра қаласында өтетін триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады.

Халықаралық жарыс 23 қыркүйекте басталады. Қазақстандық спортшылар U23 санатында және жасөспірімдер арасындағы бәсекеде сынға түседі.

Ұлттық құрама сапына үш спортшы енді. Олар – Александр Тен, Рамазан Әйнегов және Алуа Нұрмұхамет.

Триатлоннан әлемдік серияның Понтеведрадағы финалдық жарыстары 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button