
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матчқа билеттердің онлайн-сатылымы басталғанын хабарлады.
Кездесу УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымы аясында өтеді. Қазақстан құрамасы Молдованы 2 қазанда Астанада қабылдайды.
Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады.
Билеттерді «Яндекс Афиша» платформасы арқылы сатып алуға болады. Олардың бағасы 2500 теңгеден басталады.



