
15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 13–19 қыркүйек аралығында Сербияның Стара-Пазова қаласында өтетін УЕФА Даму турнирінде өнер көрсетеді.
Жарысқа Қазақстаннан бөлек Сербия, Түркия және Ресейдің U-15 құрамалары қатысады.
Қазақстандық жасөспірімдер алғашқы матчын 14 қыркүйекте Түркияға қарсы өткізеді. Одан кейін 16 қыркүйекте алаң иелері Сербиямен кездессе, 19 қыркүйекте Ресей құрамасына қарсы ойнайды.
Қазақстан U-15 құрамасының ойындар кестесі:
14 қыркүйек, 12:00
Қазақстан – Түркия
16 қыркүйек, 14:30
Сербия – Қазақстан
19 қыркүйек, 10:00
Ресей – Қазақстан
Турнирдің барлық кездесуі Стара-Пазова қаласында өтеді.



