
Словакияның Братислава қаласында грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатының жарыстары аяқталды.
Қазақстан құрамасы турнирде бір медаль жеңіп алды. 67 келіге дейінгі салмақта белдескен Қазыбек Қалмағамбетов барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын жүлдеге ие болды.
Медальдар есебінде Қазақстан құрамасы жетінші орынға тұрақтады.
Жалпы есепте Ресей құрамасы үш алтын, екі күміс және бір қола медальмен бірінші орын алды. Әзербайжан бір алтын, бір күміс және үш қола жүлдемен екінші орынға жайғасты.
Армения мен Өзбекстан құрамалары бір алтын, бір күміс және екі қола медальдан жеңіп алып, үшінші орынды бөлісті.



