
Халықаралық дзюдо федерациясы Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
Қазақстан намысын халықаралық жарыста 15 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұраділ Әлжан
66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов
90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов
100 келіге дейін: Асқар Біржанов
100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер:
48 келіге дейін: Диана Бүркеева
78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Grand Slam турнирі Будапештте 11–13 қыркүйек аралығында өтеді.



