КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан балуандары Дортмундтағы Гран-при турнирінде топ жарды

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен халықаралық Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте бірінші орынға шықты.

Қазақстандық балуандар жарыста 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені Арсен Жұма (55 келіге дейін), Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) және Мерей Мәулитқанов (77 келіге дейін) иеленді.

Күміс медаль Дәулет Әшірхановқа (63 келіге дейін), Алматбек Аманбекке (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадовқа (82 келіге дейін) және Джохар Узаровқа (130 келіге дейін) бұйырды.

Ал қола жүлдеге Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Ғалым Қабдунасаров (63 келіге дейін), Мәди Данелов (72 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін) және Диас Кален (87 келіге дейін) ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жүлделер саны бойынша ғана емес, алтын медальдар көрсеткіші бойынша да үздік нәтиже көрсетіп, турнирдің жалпы медальдық есебінде көш бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button