
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір күміс медаль иеленді.
Қазақстандық спортшылар акробатикалық бағдарламада 203,0926 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.
Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, София Ичшенко, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова және Салима Ақылбек қорғады.
Алтын медальді 232,2147 ұпай жинаған Ресей құрамасы жеңіп алды. Беларусь спортшылары 200,9777 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы жүлделер саны үшке жетті. Бұған дейін Виктор Друзин техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алса, Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада күміс жүлдеге ие болған еді.



