Қазақстан құрамасы Германиядағы Гран-при турниріне 20 балуанмен қатысады

Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасы Германияның Дортмунд қаласында өтетін халықаралық Гран-при турнирінде ел намысын қорғайды.
Бапкерлер штабы жарысқа қатысатын 20 балуанның тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасының құрамы:
55 келіге дейін: Арсен Жұма
60 келіге дейін: Айбек Айтбеков, Аманғали Бекболатов
63 келіге дейін: Ғалым Қабдунасаров, Айдос Сұлтанғали, Еркебұлан Ардақов, Дәулет Әшірханов
67 келіге дейін: Бағдат Сабаз
72 келіге дейін: Алматбек Аманбек, Мәди Данелов, Данияр Каленов
77 келіге дейін: Юсуф Ашрапов, Мерей Мәулитқанов
82 келіге дейін: Ибрагим Магомадов, Омар Сатаев, Завен Акобян
87 келіге дейін: Диас Кален, Тимур Оспанов
130 келіге дейін: Джохар Узарав, Әлішер Ерғали
Айта кетейік, Гран-при турнирі 14–16 тамыз аралығында Дортмунд қаласында өтеді. Қазақстандық балуандар халықаралық додада өз шеберліктерін сынап, жаңа маусым алдындағы маңызды бәсекеде күш байқасады.



