БОКСТРЕНДТЕ

Сегіз қазақстандық боксшы U19 Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты жалғасуда. 11 шілдеде U19 санатындағы ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалға өткен спортшылар қатарында Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) бар. Барлығы өз жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, медаль үшін күресті жалғастырады.

Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін) мен Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) ширек финалда жеңіліп, жарысты аяқтады.

Айта кетейік, бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button