БОКСТРЕНДТЕ

U23 Азия чемпионаты: бес қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты жалғасуда. 10 шілдеде U23 санатындағы ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан құрамасының бес боксшысы жартылай финалға жолдама алды.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аман Қонысбек қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Ал Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) және Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін) төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Ал Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін) пен Асылхан Көшербай (65 келіге дейін) ширек финалда жеңіліп, жарысты аяқтады.

Айта кетейік, U23 жас санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектер 12 шілдеде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button