
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты жалғасуда.
9 шілдеде өткен күндізгі сессияда U19 санатындағы ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Қазақстан құрамасының өкілі Мадира Жұмақан (48 келіге дейін) қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Ал осы салмақтағы тағы екі қазақстандық боксшы – Жадыра Қалтай (51 келіге дейін) мен Марал Төлепберген (54 келіге дейін) ширек финалда жеңіліп, Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.
Мадира Жұмақан енді финал жолдамасы үшін жартылай финалда шаршы алаңға шығады.



