БОКСТРЕНДТЕ

Ақнұр Тұрсынғали U19 Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты жалғасуда. 9 шілдеде өткен кешкі сессияда U19 санатындағы ширек финалдық жекпе-жектер мәресіне жетті.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Ақнұр Тұрсынғали өз қарсыласынан басым түсіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Енді ол финалға шығу үшін кезекті кездесуін өткізеді.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жасмин Абрамян мен 75 келіге дейінгі салмақтағы Алтынгүл Аймұхан ширек финалда жеңіліп, Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, U19 жас санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектер 13 шілдеде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button