ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Шорт-тректен ел чемпиондары анықталды

Астанадағы «Алау» мұз сарайында өткен шорт-тректен Қазақстан чемпионатында үздіктер белгілі болды.

Ерлер арасында Богдан Вехов көпсайыс қорытындысы бойынша чемпион атанды. Ол тәжірибелі спортшыларды артта қалдырып, тағы бір мәрте өз деңгейін дәлелдеді. Күміс жүлде Павел Цойға бұйырса, үшінші орынды Әділ Ғалиахметов иеленді.

Әйелдер арасында Малика Ермек қатарынан екінші жыл чемпион атанып, тұрақты жоғары нәтижесін көрсетті. Екінші орынды Алина Ажгалиева, үшінші орынды Полина Омельчук алды.

Жекелеген қашықтықтарда да фавориттер топ жарды. 1000 метрге жарыста Вехов жеңіске жетсе, әйелдер арасында бұл қашықтықта Ермек үздік болды.

Аралас эстафетада Астана құрамасы алтын медаль иеленді. Қостанай облысы екінші орынға тұрақтаса, Батыс Қазақстан облысының командасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button