Спорт Министрі | Қазақстанның қыздар құрамасы Бангкоктағы жастар Азия чемпионатына дайын
БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстанның қыздар құрамасы Бангкоктағы жастар Азия чемпионатына дайын

Тура он күннен кейін Тайландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады. Бұл – World Boxing ұйымының 22 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы құрлықтық жарысы. Байрақты додаға 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысады.

Қазақстан намысын қорғау үшін ұлттық құрама жасақталды. Ел құрамасы барлық дерлік салмақта қатысады, тек 80 келі санатында отандастарымыз бақ сынамайды. Қыздар құрамасының бас бапкері – Елдос Сайдалин.

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшы қыздар (U22):

  • 48 кг: Гүлназ Бөрібаева
  • 51 кг: Томирис Мырзақұл
  • 54 кг: Элина Базарова
  • 57 кг: Виктория Байдукова
  • 60 кг: Әсем Таңатар
  • 65 кг: Аружан Жаңабаева
  • 70 кг: Бақыт Сейдіш
  • 75 кг: Шұғыла Нәлібай
  • +80 кг: Әсел Тоқтасын

Қазақстандық боксшы қыздар дайындықты қарқынды жүргізіп, соңғы оқу-жаттығу жиындарын аяқтауда. Команда алдына айқын мақсат қойып отыр – құрлықтық жарыста жүлделі орындардан көріну.

Айта кетейік, чемпионат 19 шілдеде басталып, 29 шілдеде мәресіне жетеді. Бангкоктағы бұл дода қазақ қыздары үшін алдағы әлем чемпионаты мен Олимпиадаға жол ашатын маңызды сындама болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button