
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) Вашингтонда өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті. Ол филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-5, 17 KO) сегіз раундқа жоспарланған кездесуде жұдырықтасты.
Алайда жекпе-жек толық өтпей, екінші раундта Елеусінов техникалық нокаутпен жеңісті өз пайдасына шешті.
Бұл Даниярдың кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісі болса, Бэкон үшін алтыншы жеңіліс болды.