
Лондонда өткен реванш-жекпе-жекте украиналық Александр Усик британдық Даниэль Дюбуаға қарсы шығып, аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын қорғады.
Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланғанымен, бесінші раундта Усик қарсыласын нокаутқа түсірді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісі болды.
Ал Дюбуа үшін бұл кәсіби рингтегі үшінші жеңіліс болып тіркелді.