Спорт Министрі | Допинг үшін шеттетілген қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды
БОКСТРЕНДТЕ

Допинг үшін шеттетілген қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды

Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде Саматәлі Төлтаев (6-0, 3 KO) өз мансабындағы маңызды жетістікке жетті – ол UBO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды.

Төлтаев өзбекстандық Абдулазизбек Нажмиддиновпен (11-2, 9 KO) чемпиондық белбеу үшін қолғап түйістірді. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланғанымен, алғашқы раундта-ақ нокаутпен аяқталды.

Бұл – Төлтаевтың кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісі және оның алғашқы әлемдік титулы.

Айта кетейік, Саматәлі Төлтаев 2023 жылы әуесқойлар арасында допинг-тесттен өте алмай, ағзасынан оралтуринабол есірткі заты табылған соң, 2026 жылдың 31 наурызына дейін жарыстардан шеттетілген болатын. Осыған байланысты ол Қазақстан ұлттық құрамасынан да шығарылды.

Соған қарамастан, Төлтаев кәсіпқой боксқа бет бұрып, қысқа уақыт ішінде әлемдік деңгейге көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button