Спорт Министрі | 10 қазақстандық боксшы Қытайдағы халықаралық турнирге қатысады
БОКСТРЕНДТЕ

10 қазақстандық боксшы Қытайдағы халықаралық турнирге қатысады

Қытайда бокстан халықаралық турнир басталды. Бұл жарыстың ерекшелігі – оған әлемдік деңгейдегі мықты құрамалар, атап айтқанда Куба, Өзбекстан және Қытай толық құраммен қатысып отыр.

Қазақстан сапынан 10 былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. Оның төртеуі – жастар арасынан іріктелген спортшылар. Бұл – алдағы Азия чемпионаты алдында тәжірибе жинауға арналған маңызды бәсеке.

Жастар құрамасынан сынға түсетіндер:

  • 57 кг: Жасұрбек Анарбаев
  • 63,5 кг: Сералы Жолмағамбет
  • 71 кг: Нұржан Амангелді
  • 80 кг: Бақберген Әлиасқаров

Ересектер арасында жарысқа қатысатындар:

  • Бекзат Алдамжаров
  • Асылжан Серікбай
  • Жандос Қыдырәлиев
  • Ильяр Аширов
  • Нұрмағамбет Юсупов
  • Даниял Сапарбай

Турнирдің жеребе тарту рәсімі кеше өтті. Бүгіннен бастап негізгі жекпе-жектер басталды. Жарыс 17 шілдеге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button