Спорт Министрі | Махмұд Сабырхан елордадағы Әлем кубогының чемпионы атанды
БОКСТРЕНДТЕ

Махмұд Сабырхан елордадағы Әлем кубогының чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медальге ие болды.

55 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Махмұд финалда жапониялық Руи Ямагучимен кездесу өткізуі тиіс еді. Алайда қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Осылайша, Сабырхан жекпе-жексіз жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды салды. Бұл отандасымыз үшін халықаралық деңгейдегі тағы бір ірі жетістік саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button