
Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекова жарыстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз 1/8 финалда Дженифер Лозаноға (АҚШ) қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек өте тартысты өтті. Екі спортшы да белсенді шабуылдап, тең дәрежеде айқас көрсетті.
Алайда шешуші раундта Балқыбекова басымдық танытып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Енді ол жартылай финалға шығу үшін келесі қарсыласымен кездеседі.