
Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Серік Теміржанов бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогында алғашқы кездесуін өткізді.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.
Серік Теміржанов 1/8 финалда аустралиялық Джейкоб Кассармен өзара мықтыны анықтады.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, шешуші раундта Теміржанов жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Серік Теміржанов (60 келіге дейін) ширек финалға шықты.