БОКСТРЕНДТЕ

Бокстан Қазақстан чемпионаты: ерлер арасындағы финалдық жұптар анықталды

Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында ерлердің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды. Он салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласатын 20 боксшы белгілі болды.

Жартылай финалдың басты нәтижелерінің бірі 60 келі салмақта тіркелді. Жетісу облысының 19 жастағы өкілі Әділбек Қожахан әлем және Азия чемпионы Оразбек Асылқұловты жеңіп, финалға жолдама алды. Енді ол шешуші кездесуде Бибарыс Жексенмен жұдырықтасады.

75 келіде әлем чемпионатының финалисі Әбілхан Аманқұл жартылай финалда жеңіліп, қола медальмен шектелді. Бұл салмақта алтын жүлде үшін Аман Қонысбеков пен Нұрбек Мурсал кездеседі.

80 келіде жастар арасындағы әлем чемпиондары Санжар-Әли Бегалиев пен Өнер Сейілхан финалға шықты. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек осы салмақтағы Қазақстан чемпионын анықтайды.

Қазақстан чемпионатының финалдық жұптары:

  • 50 келі: Нұрзат Оңғаров – Диас Берікбай

  • 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек – Бексұлтан Хужанжар

  • 60 келі: Бибарыс Жексен – Әділбек Қожахан

  • 65 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Абзал Серік

  • 70 келі: Фарух Тоқтасынов – Елнұр Сүйінбай

  • 75 келі: Аман Қонысбеков – Нұрбек Мурсал

  • 80 келі: Санжар-Әли Бегалиев – Өнер Сейілхан

  • 85 келі: Темірлан Мұқатаев – Сұлтанбек Айбарұлы

  • 90 келі: Сағындық Тоғамбай – Дәулет Төлемісов

  • 90 келіден жоғары: Данияр Рахымбердинов – Ерсұлтан Сапар

Жартылай финалда жеңілген 20 спортшы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қола медаль иегерлері:

  • 50 келі: Даниял Сәбит, Дамир Әбдіқадыр

  • 55 келі: Нұрислам Бекен, Тимур Қабдешов

  • 60 келі: Оразбек Асылқұлов, Рамазан Орынбасар

  • 65 келі: Илья Калинин, Ертуған Зейнуллинов

  • 70 келі: Мұхит Нұрқабылұлы, Алмат Әбдуәли

  • 75 келі: Әбілхан Аманқұл, Акбар Қазақбай

  • 80 келі: Ерасыл Жақпеков, Диас Молжігітов

  • 85 келі: Бекнұр Батырбек, Тимур Нұрсейітов

  • 90 келі: Нурмагамед Юсупов, Ілияс Жандау

  • 90 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай, Аслан Елдібайұлы

Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 6 қарашада өтеді. Он салмақ дәрежесінде ел чемпиондары анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button