
Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы Қазақстан кубогының финалдық кездесуіне қызмет көрсететін төрешілер құрамын жариялады.
7 қараша, сенбі күні өтетін шешуші матчта Шымкенттің «Ордабасы» және Қызылорданың «Қайсар» командалары ел кубогы үшін таласады.
Финалдық кездесудің бас төрешісі болып Орал қаласының өкілі Болат Сәриев тағайындалды. Оған алаңда ақтөбелік Юрий Тихонюк пен павлодарлық Дмитрий Белоградов көмектеседі.
Қосалқы төреші міндетін Өскеменнен келген Александр Затула атқарады.
Матчта бейнеқайталау жүйесі (VAR) де қолданылады. VAR төрешісі қызметіне астаналық Саят Қарабаев бекітілді. Оның көмекшісі (AVAR) – тараздық Бағдат Абдоллаев.
Қазақстан кубогы финалының төрешілер құрамы:
-
Бас төреші – Болат Сәриев (Орал)
-
Көмекшілері – Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Дмитрий Белоградов (Павлодар)
-
Төртінші төреші – Александр Затула (Өскемен)
-
VAR – Саят Қарабаев (Астана)
-
AVAR – Бағдат Абдоллаев (Тараз)
Еске салайық, «Ордабасы» мен «Қайсар» арасындағы Қазақстан кубогының финалы 7 қарашада Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді.



