
Қазақстан футбол федерациясы Нидерланд маманы Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне қатысты келісімге келгенін жариялады.
Маманның тағайындалуы ҚФФ Жарғысына сәйкес Федерацияның Атқарушы комитеті мақұлдағаннан кейін ресми түрде күшіне енеді. Комитет отырысынан соң тараптар еңбек келісімшартына қол қояды.
Джон ван ’т Шкип ойыншылық мансабында Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд ұлттық құрамасының сапында 1988 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды.
Бапкерлік қызметін «Аякс» жүйесінде бастаған маман кейін клубтың бас бапкері болды. Сонымен қатар «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» клубтарын жаттықтырды. 2016 жылы «Мельбурн Ситимен» бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.
Халықаралық деңгейде ван ’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері қызметін атқарған.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының жаңа бапкерлер штабы да жасақталды. Бас бапкердің көмекшілері болып Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов тағайындалды. Қақпашылармен Юрий Новиков, дене даярлығы бойынша Вадим Боровский, ал сарапшы бапкер ретінде Тимур Құсайынов жұмыс істейді.



