БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады

Жапонияның Киото қаласында өткен ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін төрт алтын медальмен аяқтап, жоғары нәтиже көрсетті.

Чемпионаттың соңғы жарыс күнінде Кирилл Тубаев байдаркамен 10 шақырым қашықтыққа ескек есуде жеңімпаз атанып, екінші алтын жүлдесін жеңіп алды.

Ал Полат Төребеков 10 шақырымдық каноэ жарысында мәреге бірінші болып жетіп, құрлық чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын медаль жиналды. Бұған дейін Кирилл Тубаев 3400 метрге байдаркамен ескек есуден, ал Полат Төребеков 3400 метрге каноэмен ескек есуден де Азия чемпионы атанған болатын.

Қазақстандық ескекшілердің бұл нәтижесі ұлттық құраманың құрлықтық деңгейдегі жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button