БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Екінші турда қазақстандық спортшылар Сингапур құрамасымен кездесіп, тартысқа толы матч өткізді. Негізгі уақыт тең аяқталғаннан кейін жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Қазақстандық ойыншылар шешуші сәтте мүлт кетпей, 16:15 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің үздік ойыншысы болып Қазақстан құрамасының өкілі Ернар Тілекқабыл танылды.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Мысырға 9:14 есебімен жол берген болатын. Ал бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама топтық кезеңдегі келесі кездесуін Уругвай құрамасына қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button